тергеу изоляторында тұтқында ұстауға байланысты құқықтық көмек көрсету

Күдікті мен айыпталушыны тергеу изоляторына қабылдау үшін ҚР ҚІЖК-нің 147-бабына сәйкес тұтқында ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына алу туралы соттың қаулысы негіз болып табылады.

Тергеу изоляторына түскен күдіктілер мен айыпталушыларды қабылдау тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі (бұдан әрі - кезекші көмекші) немесе оның орынбасарымен тәулік бойы жүргізіледі, ол:

1) мыналарды:

тергеу изоляторына жеткізілген адамды қабылдауға негізі бар іс жүргізу құжаттарының барын тексереді;

қамауға алынған адамдардың жеке ісінде тігілетін жеке басын куәаландыратын құжатының барын тексереді, олар қажет болған жағдайда арнайы есепке алу бөлімі қылмыстық процесті жүргізуші органға, кейіннен қайтарумен беріледі;

туу туралы куәлiк немесе баланың медициналық ұйымда туғанын растайтын құжаттары, баланы асырап алу құжаты, ал мұндай құжаттар болмаған жағдайда қылмыстық iс өндірісіне берілген анықтау жүргiзетiн адамның, тергеушiнiң, прокурордың немесе соттың жазбаша нұсқауы болуын тексереді (үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдi тергеу изоляторына қабылдау үшiн).

2) аталған адаммен сұрау жүргізеді және оның жауаптарын оның жеке ісіндегі деректермен салыстырады;

3) кезекші дәрігермен бірлесіп медициналық қарау жүргізеді.

Тергеу изоляторына судьяның не соттың күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулысынан көшірме ұсынылған жағдайларда онда осы бұлтартпау шарасы қолданылған адамның толық айқындамалық деректері көрсетіледі.

Көшірме лауазымды адамның қолымен куәландырылып, елтаңбалы мөр қойылады және үш жұмыс күнінен кешіктірілмей қаулының көшірмесін ауыстыруға жатады.

Транзитпен айдауылданған күдіктілер мен айыпталушылар тергеу изоляторына қабылданады және 2017 жылғы 13 ақпандағы № 107 Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 14918 нормативтік құқықтық актілері) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға есеп жүргізу қағидасына сәйкес жолшыбай тізіміне және жеке ісі бойынша анықтама негізінде белгіленген жерге жіберіледі.

Қылмыстық iстерi бойынша тергеу кезiндегi ұстау мерзiмi аяқталған және заңнамада ұзартылмаған күдіктілер және айыпталушылар тергеу изоляторына қабылданбайды.

Күзетпен ұстау мерзiмдерi аяқталған адамдар тергеу изоляторына қабылданғаннан кейiн тергеу изоляторы бастығының қаулысы бойынша жоспарлы айдауылдан босатылады.

Тергеу изоляторына қабылданған адамдар келiп түскен күні, бірақ бiр тәулiктен кешіктірмей алғашқы медициналық куәландырудан және санитариялық тексеруден өтедi.

Медициналық куәландырудың нәтижелері медициналық амбулаториялық картаға енгiзiледi.

Санитариялық тексерiстен өткеннен және медициналық куәландыру нәтижелерін алғаннан кейiн күдіктілер, айыпталушылар төсек жабдықтарын, сондай-ақмаусым бойынша киiм-кешектi (өз киім-кешегі болмаған жағдайда) алады.

Уақытша оқшалау жайына, тәртіп изоляторына орналастырылған кәмелеттік жасқа толмаған адамдар киімдерін ауыстырады. Оларға тиесілі киімдері алынады және сақтауға беріледі.

Тергеу изоляторына қабылданған күдіктілер және айыпталушылар құқықтары мен мiндеттерi, күзетте ұстау режимi, тәртiптiк талаптар, ұсыныстарды, өтiнiштер мен шағымдарды беру тәртiбi туралы ақпаратпен қол қою арқылы танысады.

Көрсетiлген ақпарат жазбаша түрде ұсынылады.

Қарауылдан (айдауылдан) қабылданған жеке істерді ресімдеу кезінде күдіктілер мен айыпталушылар оқшаулау тәртібін сақтай отырып, жинақтау бөлiмшесінiң камераларына бiр тәулiктен аспайтын мерзiмге не орындықтармен және жасанды жарықпен жабдықталған бiр орындық бокс бөлмесiне екi сағаттан аспайтын мерзiмге орналастырылады.

Күдіктілер мен айыпталушыларды камералар бойынша орналастыру бекітілген нысан бойынша камераларға ауыстыру жоспары негізінде Заңның 32-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Тергеу изоляторының әкімшілігі олардың арасындағы байланысты болдырмау бойынша шаралар қабылдайды.

Сезіктілер мен айыпталушыларға қамауға алынған кезден бастап қорғаушымен оңаша және құпия жолығысуға мүмкіндік беріледі.

Жолығысулардың саны мен ұзақтығына шек қойылмайды.

"Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген адвокат куәлігін және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны көрсетуі бойынша – қорғаушы ретінде іске қатысушы адвокатпен жолығуға рұқсат етіледі.

Егер сіздерге тергеу изоляторында тұтқында ұстау себебінен, өкілетті мемлекеттік органдарда істеріңізді жүргізуге байланысты білікті маманның құқықтық көмегі қажет болса, Нұр-Сұлтан қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз:

+7 (7172) 35-65-19; +7 775 380 96 52.