Өкілетті органдардың лауазымды тұлғалары әкімшілік тәртіппен ұстап алуы кезінде, құқықтық қорғау және адвокаттық көмек көрсету

Әкiмшiлiк ұстап алуды, яғни құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлғаның, заңды тұлға өкілінің, лауазымды адамның жеке бас бостандығын қысқаша мерзімге шектеуді ішкі істер органдары мен басқа да құзыретті органдардың лауазымды тұлғалары ҚР ӘҚтК-ның 787 бабына сәйкес жүргізе адады.

Әкiмшiлiк ұстап алудың тәртiбi:

Әкiмшiлiк ұстап алу жөнiнде хаттама жасалады.

Хаттамада:

оның жасалған күнi, уақыты (минутына дейінгі дәлдікпен) және орны;

хаттама жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні;

ұстап алынған адамның жеке басы туралы мәлiметтер;

ұстап алынған уақыты, орны және оның негiздерi көрсетiледi.

Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам мен ұстап алынған тұлға қол қояды.

Ұстап алынған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бұл жөнінде хаттамада жазба жазылады.

Ұстап алу туралы хаттаманың көшiрмесi әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұстап алынған адамға тапсырылады.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұстап алынған адамның өтiнуi бойынша оның қайда екендігі туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орнының әкiмшiлiгi, қорғаушысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттің елшілігі, консулдығы немесе өзге де өкілдігі дереу хабардар етiледi.

Кәмелетке толмаған адамның ұстап алынуы туралы оның ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың хабардар етілуі мiндеттi.

Әскери қызметшіні немесе әскери жиындарға шақырылған азаматты әкімшілік ұстап алу туралы ұстап алынған адам олардың құзыреттері шегінде әскери жиындарды (әскери қызметті) өткеретін әскери бөлім және әскери полиция органдары дереу хабардар етіледі.

Ұстап алынған адамға осы Кодексте көзделген оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, бұл жөнінде әкімшілік ұстап алу туралы хаттамаға тиісті жазба жазылады.

Ұстап алынған адамға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндірмеу әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудегі елеулі бұзушылық болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұстап алынған адам оны ұстап алуға негіз болған мән-жайлар жойылған кезде дереу босатылуға жатады.

Әкiмшiлiк ұстап алуға ұшыраған адамдар арнайы бөлiнген, санитариялық талаптарға сай келетiн және оларды өз еркiмен тастап кету мүмкiндiгi болмайтын үй-жайларда ұсталады.

Әкiмшiлiк ұстап алуға ұшыраған адамдарды ұстау жағдайларын, осындай адамдарды тамақтандыру нормасы мен оларға медициналық қызмет көрсету тәртiбiн атқарушы билiк органдары айқындайды.

Өздеріне қатысты әкімшілік ұстап алу қолданылған кәмелетке толмағандар ересек адамдардан бөлек ұсталады.

Әкiмшiлiк ұстап алу ҚР ӘҚт. Кодекстiң 785-бабында көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қажеттi уақыт iшiнде жүзеге асырылады және үш сағаттан ұзақ болмауы керек.

Ұстап алынған адамның бас бостандығы ұстап алған адамға қандай да бір процестік мәртебе берілуіне немесе өзге де формальды рәсімдер орындалуына қарамастан, шын мәнінде шектелген кезде, минутына дейінгі дәлдікпен сол сағат ұстап алу мерзімінің басталуы болып табылады.

Масаң күйдегі адамға қатысты әкімшілік ұстап алу мерзімі – медицина қызметкерi оны айықты деп куәландырған уақыттан бастап есептеледi. Нақты ұстап алу уақытынан бастап үздіксіз есептелетін үш сағаттың өтуі осы мерзімнің аяқталу кезі болып табылады.

Күзетілетін объектілерге заңсыз кіргені, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн, шекара режимін және кедендік режимдi немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі режимдi бұзғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңiзiндегi) және iшкi суларындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргізу қозғалған адам – қажет болған жағдайларда жеке басын анықтау және құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтау үшiн бұл жөнінде ұстап алынған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға жазбаша хабарланып, қырық сегiз сағатқа дейiн ұсталуы мүмкiн.

Төтенше жағдай жарияланған жерде коменданттық сағат енгiзiлуiне байланысты белгiленген тәртiптi бұзуға жол берген адамдарды iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерлерi немесе әскери патрульдер коменданттық сағат аяқталғанға дейiн, ал өзімен бірге құжаттары жоқтарды – олардың жеке басын анықтағанға дейiн, бiрақ қырық сегiз сағаттан аспайтын уақытқа ұстай алады.

Әкімшілік жазалау шарасының бірі ретінде әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша өзіне қатысты іс жүргізу қозғалған адам, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қаралғанға дейін, бірақ жиырма төрт сағаттан аспайтын әкімшілік ұстап алуға тартылуы мүмкін.

Егер сіздерге өкілетті органдардың лауазымды тұлғалары әкімшілік тәртіппен ұстап алуына байланысты адвокаттың құқықтық көмегі қажет болса, Нұр-Сұлтан қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз:

+7 (7172) 35-65-19; +7 775 380 96 52.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

2021-01-21 10:19:00