Қылмыстық жауапкершілікке алып келетін жол-көлік оқиғасының нәтижесіне байланысты құқықтық қорғау және адвокаттық көмек көрсету

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 345, 346 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері), 348, 349, 351-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық, егер жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу адамның денсаулығына орташа немесе ауыр зиян келтіруге не бір не одан да көп адамдардың өліміне әкеп соқтырған жағдайда туындайды.

ҚК-нің 346-бабының бірінші бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін қандай да бір салдардың туындауы талап етілмейді. Бұл ретте орын алған зардаптар жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзумен тікелей себептік байланыста болуы тиіс.

Аталған зардаптар орын алмаған жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін өзге де бұзу тәртіптік, азаматтық-құқықтық немесе әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыруы мүмкін.

Қылмыстық құқық бұзушылық жасалған уақытта 16 жасқа толған, механикалық көлік құралын жүргізген және жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға жол берген адам ҚК-нің 345, 346, 347, 348, 349, 351-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі болып танылады.

Бұл адамда жүргізуші куәлігінің, сол сияқты білімінің және оны пайдалану дағдысының болуы немесе болмауы қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды.

Көлік құралын механикалық құралдарға жатқызу кезінде ҚК-нің 345-бабының және "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Жол жүрісі туралы" Заң) 1-бабының 38) тармақшасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының  1-бөлімі 2-тармағының 45) тармақшасының диспозициясын негізге алған жөн, оған сәйкес қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін, өздігінен жүретін жол көлік құралы, оның ішінде автомобильдер, троллейбустар, трамвайлар (мопедтер мен рельстік көлік құралдарын қоспағанда), тракторлар мен өздігінен жүретін машиналар олар жол жүрісіне қатысқан кезде механикалық көлік құралдары болып танылады.

Егер сіздерге қылмыстық жауапкершілікке алып келетін жол-көлік оқиғасының болуы нәтижесіне байланысты адвокаттың құқықтық көмегі қажет болса, Нұр-Сұлтан қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз:

+7 (7172) 35-65-19; +7 775 380 96 52.