Талап арыз, арыз, шағым және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеп дайындау

Талап арыз, арыз, шағым және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеп дайындау

Күнделікті өмірде жеке және заңды тұлғалар әр түрлі құқықтық сипаттағы құжаттарды ресімдеп, әзірлеп, толтырып, жобаларын дайындауға мәжбүр болатыны белгілі. Құжаттардың мазмұны, құқықтық маңыздылығы мен қолданылу аясына байланысты, оларды нормативтік құжаттамалар негізінде әзірлеп, дайындауға, дұрыс толтыруға құқықтық сауаттылық пен білім қажет.

Мазмұнын құрастырып, немесе жобасын әзірлейтін сіздің әр-бір құжатыңыз белгілі құқық саласындағы сауттылықты талап етіп қана қоймай, сонымен қатар осы саладағы құжаттама жүргізуге тәжірибеңіздің болғанын қажет етеді.

Сондықтан құжаттарды әзірлеп дайындау, ресімдеу, жұмыстарын тәжірибелі мамандарға сеніп, тапсырған дұрыс.

Осы себептерге байланысты азаматтардың басым көпшілігі адвокаттар мен заңгерлердің көмегіне жүгінеді.

Нұр-Сұлтан қаласының адвокаты құжаттарды әзірлеп дайындау ресімдеу жұмыстарына байланысты келесі құқықтық қызмет түрлерін ұсынады:

ұйымдардың құрылтайшылық құжаттарын (құрылтайшылық шарттар, ұйым құру туралы келісімдер, хаттамалар, қағидалар, ережелер, бұйрықтар мен басқа да құжаттар);

кадрлық мәселелерге, ішкі іс жүргізуге байланысты құқықтық құжаттарды (лауазымдық нұсқаулықтарды, ісжүргізу нұсқаулықтарын, ұйымның басқарма органдарының реттемесін, өкімдерді, бұйрықтар мен жеке актілерді);

шарттардың, келісімдердің, хаттамалардың, келіспеушілік, кері хаттамаларының, оларға қосымша келісімдердің және басқа да мәмілелердің жобаларын;

наразылық талаптарын, талап арыздарға пікірлер мен қарсы уәждер;

талап арыздар, апелляциалық, кассациалық, қадағалау сатыларындағы тәртіпте сот актілеріне шағымдар (талап арыздардың үлгілері);

уәкілетті органдар мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне арыздар мен шағымдар;

сот орындаушылардың, нотариустардың, әкімшілік құқықбұзу істерін қарауға өкілетті тұлғалардың, іс-әрекеттеріне арыздар мен шағымдар әзірлеп дайындау.

Егер сіздерге құқықтық құжаттарды әзірлеу бойынша, сотқа, басқа да өкілетті мемлекеттік органдарға құжаттар тапсырып, істеріңізді жүргізуге байланысты білікті маманның құқықтық көмегі қажет болса, Құр-Сұлтан қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз:

+7 (7172) 35-65-19; +7 775 380 96 52.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

2021-01-21 09:59:38