Астана адвокатының атқарушылық іс жүргізу бойынша құқықтық қызметтері

Нұр-Сұлтан қаласы адвокатының атқарушылық іс жүргізу бойынша құқықтық қызметтері

ҚР азаматтық заңнамасына сәйкес атқарушылық іс жүргізу – борышкерден атқарушылық санкциясын атқарушылық іс жүргізу бойынша өсімпұлдарды, шығыстарды, жеке сот орындаушысының қызмет ақысын өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шаралар.

Атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi осы Заңға сәйкес азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот шешiмдерiнің, ұйғарымдардың, нұсқамалар мен қаулылардың, мүлiктiк өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдер мен қаулылардың, сондай-ақ өзге де органдар қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды мiндеттi түрде және уақтылы қолдану болып табылады.

Мына құжаттар атқарушылық құжаттар болып табылады:

1) сот актiлерiнiң негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақтар;

2) Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасына сәйкес берiлетiн сот бұйрықтары;

3) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық, шетелдiк соттардың және төрелiк соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы сот актiлерiнiң негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақтар;

4) төреліктің шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлетiн атқару парақтары; соттардың талап қоюды қамтамасыз ету туралы немесе талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы ұйғарымдары;

5) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша шығарылған сот қаулылары;

6) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды тұлғаның) қаулылары;

7) талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы прокурордың қаулылары;

8) атқару санкциясын өндіріп алу туралы сот орындаушысының қаулылары;

9) сот орындаушысының атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде келтірілген шығыстарды өтеу туралы қаулысы;

10) жеке сот орындаушысының өзінің қызмет ақысының сомасын бекіту туралы қаулысы;

11) әкімшілік жаза қолдануға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) берген айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар;

12) атқарушылық жазба;

13) қылмыстық іс бойынша шығарылған мүлікке тыйым салу туралы сот қаулысы.

Атқарушылық құжат жоғалған жағдайда атқарушылық құжатты берген орган Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен беретiн оның телнұсқасы өндiрiп алу үшiн негiз болып табылады.

Ол бойынша атқарушылық iс жүргiзу қозғалған атқарушылық құжат атқарушылық iс жүргiзу материалдарында болады.

Сот орындаушысы атқарушылық iс жүргiзудің қозғалғаны туралы қаулыны аталған атқарушылық құжаттың көшірмесімен қоса орындау үшін жібереді.

Күнделікті өмірде жеке және заңды тұлғалар атқару құжаттарының орындалмай сот орындашылардың өз міндеттерін дұрыс атқармай істің одан ары орындалуын негізсіз қиындатып немесе тіпті орындалмайтындай жағдайға душар еткізетін жағдайлар көп кездеседі.

Осындай мәселелелердің туындауына байланысты азаматтар көп жағдайларда адвокаттың көмегіне жүгінуге мәжбүр болады.

Сот орындаушылардың әрекеттеріне шағым келтіру мерзімінің заң жүзінде шектеулі екендігін ескеріп, атқару ісінің қозғалған кезінен кешіктірмей адвокаттың көмегін пайдаланғандарыңыз істің орындалуын қамтамасыз етуге барынша ықпал етеді.

Егер сіздерге сот актілерін немесе басқа да атқару құжаттарын орындау бойынша, өкілетті мемлекеттік органдарда істеріңізді жүргізуге байланысты білікті маманның құқықтық көмегі қажет болса, Нұр-Сұлтан қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз:

+7 (7172) 35-65-19; +7 775 380 96 52.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

2021-01-16 00:21:09