Астана адвокатынан тегін құқықтық кеңесті қалай алуға болады?

Астана адвокатынан тегін құқықтық кеңесті қалай алуға болады?

Құқықтық мәселелер туындаған жағдайда адамдардың көпшілігін адвокаттан қалайша тегін құқықтық кеңес алуға болады деген сұрақ мазалайтыны белгілі.  

ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңының 2 бөлімне сәйкес мемлекетпен кепілдік берілген тегін құқытық көмек түрлерінің көлемі бекітілген. Осы мемлекеттік тегін құқықтық көмек алу тәртібі, негізі мен қандай адамадарға және қандай жағдайларда көрсетілетіні Қазақстан Республикасының «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» заңымен және азаматтық процессуалдық, қылмыстық процессуалдық, әкімшілік процессуалдық заңнамаларымен нақты шектеліп бекітілген. 

Осылайша қолданыстағы заң нормалары адвокатқа тегін құқықтық қызметтерді тек қана белгіленген азаматтар санатына және заң шеңберімен бекітілген жағдайларда, бекітілген тіртіпте ғана  көрсетуді міндеттейді.

Бірақ көптеген заңгерлер мен адвокаттар өздеріне қызмет тұтынушылардың назарын аудару мақсатында тегін құқықтық кеңес көрсетіп жатады олардың сапасы мен кәсіптілік деңгейіне өздеріңіз баға бере аласыздар. 

Осы орайда сіздерге Астана адвокатынан барлық азаматтардың қалай тегін құқықтық кеңес ала алатыны туралы түсіндіргім келеді:

1. Адвокаттың көп уақытын алмайтын, іс бойынша құжаттарды, іс материалдарын қарастыруды, істің зерттелуін талап етпейтін мәселелер бойынша адвокатқа телефонмен қоңырау шалып тегін құқытық кеңес алуларыңызға;

2. Осы сайттың (ТІРКЕЛУ) бетіне тіркелгеннен кейін өз сұрақтарыңызды "КЕҢЕС АЛУ" бетіне енгізу арқылы, адвокаттан жауап ретінде тегін құқықтық кеңес алуға, басқа да қатысушылармен құқықтық мәселені талқылауға мүмкіншіліктеріңіз бар.

Advokat
0