
⚖️ Сотқа талап арызды өз бетінше қалай беру керек — заң білімі жоқ қарапайым азаматтарға арналған нұсқаулық
Көпшілік менің көмегіме жүгініп, сұрақ қояды: адвокатсыз талап арызды өзім бере аламын ба? Сотқа өз бетінше жүгінуге бола ма?
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, кез келген азамат адвокаттың көмегінсіз өз бетінше талап арыз бере алады. Бұл мақалада мен талап арызды дұрыс толтырудың жолдарын және жиі кездесетін мәселелерді түсіндіремін.
1. Талап қою үшін негіздің бар-жоғын анықтау керек
Сотқа жүгінбестен бұрын, келесі жайттарға көз жеткізіңіз:
- Құқығыңыз бұзылған (мысалы, қарыз қайтарылмады, заңсыз жұмыстан шығарылды, мүлікке залал келтірілді).
- Сізде дәлелдер бар: құжаттар, хат алмасу, куәгерлер және т.б.
- Мәселені сотқа дейін реттеуге тырыстыңыз (егер заңнамада міндетті досудебный тәртіп көзделсе).
2. Қай сотқа жүгіну керектігін дұрыс анықтаңыз
Азаматтық істер мен құқықтық қатынастар шеңберінде төмендегілерді таңдау маңызды:
- Аймақтық соттылығын — ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен. Әдетте талап арыз жауапкердің тұрғылықты жері бойынша беріледі.
- Соттылық түрін, мысалы:
- аудандық (қалалық) сот — көпшілік істер бойынша;
- мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот — кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар арасындағы даулар бойынша;
- әкімшілік сот — мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекеттері (немесе әрекетсіздігі), әкімшілік актілер бойынша даулар.
Соттың атауын, мекенжайын және реквизиттерін ҚР Жоғарғы Сотының ресми сайты — «Сот кабинеті» арқылы табуға болады.
3. Талап арыз бен қоса берілетін құжаттарды дайындаңыз
Талап арыз қазақ немесе орыс тілінде жазбаша түрде беріледі. Міндетті түрде келесі мәліметтер болуы тиіс:
✅ Соттың толық атауы
✅ Талапкер мен жауапкердің мәліметтері (Т.А.Ә., мекенжайы, байланыс)
✅ Іс мәні (не болғанын, қандай құқық бұзылғанын сипаттау)
✅ Жауапкерге қойылатын талаптар (соттан не сұрайсыз)
✅ Дәлелдемелер тізімі
✅ Қолыңыз және күн
Мысал:
СҰРАЙМЫН: Сарсенбек П.П.-ден 01.02.2024 жылғы қолхат негізінде 500 000 теңге қарызды және сот шығындарын өндіруді.
4. Құжаттарды тіркеңіз
Талап арызға мыналар тіркелуі керек:
- жеке куәліктің көшірмесі;
- дәлелдерді растайтын құжаттар көшірмесі (шарттар, түбіртектер, хат алмасу және т.б.);
- қолхат немесе наразылық көшірмесі (бар болса);
- мемлекеттік баж төлемі туралы түбіртек (әдетте талап сомасының 1%).
Мемлекеттік бажды eGov, Kaspi немесе Halyk Homebank арқылы онлайн төлеуге болады.
5. Талап арызды беру
Талап арызды келесі тәсілдермен беруге болады:
- онлайн — «Сот кабинеті» порталы арқылы (ыңғайлы, жылдам, тәулік бойы);
- жеке — соттың кеңсесіне барып;
- пошта арқылы — жеткізілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен.
Талап тіркелгеннен кейін сізге іс нөмірі беріледі және судья тағайындалады.
6. Кейінгі әрекеттер
- Судья шешім қабылдайды — талап арызды қабылдау, қайтару немесе қабылдаудан бас тарту туралы. Құжаттардың дұрыстығы, заң талаптарына сәйкестігі, досудебный тәртіптің сақталуы тексеріледі.
- Нәтижесінде тиісті негізделген ұйғарым шығарылады — қабылдау, қайтару немесе бас тарту туралы.
- Қабылданғаннан кейін сот отырысының күні белгіленеді — сізге сотқа шақыру жіберіледі.
- Сот процесіне қатысу:
- қосымша дәлелдер ұсыну, талаптарды нақтылау;
- куәгерлерді шақыру;
- ауызша немесе жазбаша түсініктеме беру;
- іс жүргізу заңнамасымен белгіленген өзге де құқықтарды пайдалану.
- Сот шешімі — әдетте сот шешімі жарияланғаннан кейін 1–2 апта ішінде, бірақ заң бойынша 5 жұмыс күні ішінде беріледі.
Пайдалы кеңестер
- Сыпайы және сабырлы болыңыз — соттағы мінез-құлық істе маңызды рөл атқарады.
- Мәселе бойынша сөйлеңіз — эмоциясыз, тек іске қатысы бар фактілерді келтіріңіз.
- Ходатайстволар мен өтініштерді — міндетті түрде жазбаша түрде, қол қойып, күнін көрсетіп беріңіз.
- Барлық құжаттардың көшірмелерін сақтаңыз.
Қашан адвокатқа жүгінген жөн?
Талап арызды өзіңіз беру қиын емес, бірақ кей жағдайда адвокаттың көмегі қажет болуы мүмкін:
- іс күрделі болса (мүліктік даулар, ірі сома, бизнес);
- қарсы тарапта заңгер немесе адвокат болса;
- сотта өз-өзіңізді қалай ұстау керектігін білмесеңіз, тәжірибеңіз аз болса.
Қорытынды
Талап арыз беру — бұл құқықтарыңызды қорғаудың қолжетімді жолы. Ең бастысы — қорықпаңыз, дайындалыңыз және заң талаптарын орындаңыз. Заңгер болмасаңыз да, сот арқылы әділдікке өзіңіз жете аласыз.
Егер сұрақтарыңыз қалса немесе талап арызды толтыруда, сотта өкілдік етуде көмек керек болса — адвокатқа хабарласыңыз, қуана көмектесемін!