Егер банк карточкалық шотты бұғаттап тастаса не істеу керек ?

Егер банк карточкалық шотты бұғаттап тастаса не істеу керек ?

Қзіргі кезеңде азаматтардың банктік несиелерін жаба алмай қарызға батып, оның арты қарызданушы мен банктық ұйымдардың арасындағы туындаған дауға айналып жатқаны күнделікті өмірде ең көп кездесетін құқықтық қарымқатынастардың бірі. 

Мұндай жағдайларда бантік ұйымдар қарызды қайтаруға борышкерді мәжбүрлеудің ең әсерлі тәсілі ретінде оның карточкалық шотын бұғаттау арқылы, яғни банктық шот иесінің өз жалақысын алу мүмкіншілігіне шектеу қою әрекетін қолдануды жөн көреді. 

Осылайша жұмыскердің бүкіл жалақысын борышкер қарыз болған үшінші тұлғаның, яғни басқа банктің пайдасына алу жүргізіледі.

Жұмыскердің шоты бойынша қызмет көрсетуші банктік ұйымдарға жүгінген кезде, банк ұйымдары өз әрекеттерінің заңды екендігін айтып, мұндай жағдайда олар борышкердің шотынан түскен ақша құралдарын басқа банктің ұсынған төлем талабы-тапсырысы негізінде акцептсіз шығарып алуға құқығымыз бар түсіндіреді.   

Азаматтардың осылай банктерден қарызға ақша алып, оны еселеп пайызын төлеу арқылы қайтаруға мәжбүр болып жүргендері жақсы өмірдің салдарынан емес екендігі белгілі бірақ, алған ақшаны бәрі бір қайтаруға тура келетінін ұмытпаған жөн. Борышты өтеуден жалтарып қанша қашқақтаған мен жалтарудың шегі түбінде бір келері анық және мұндай талас тартыстың, даудың арты азаматтардың үлкен шығындарға душар болуына алып келетін анық.  

Бірақ банктердің жұмыскерге тиісті карточкалық шотын бұғаттап, жүмыскердің есебіне түскен жалақысын толығымен шешіп алуға құқығы барма?

Мұндай жағдайда жұмыскер банк ұйымдарының әрекеттеріне шағымдана алады ма?

Мұндай мәселелерді барынша қатерін және шығынын қалай азайтып шешуге болады?

1. Шоттарыңызды бұғаттап жалақыларыңызға қол жеткізу мүмкіндіктеріңізге шектеу қою арқылы бантік ұйымдар сіздердің ҚР конституциясының, азаматтық және еңбек занамаларымен кепілденген құүқтарыңызды бұзып отыр. 

2. Мұндай жағдайда адвокатпен алдын ала кеңесіп, көрсетіп алмай тұрып, ақша құралдарын шоттан шешіп алуы салдарынан пайда болған тараптардың құқықтық қарымқатынастарына байланысты құжаттарға, келісімдерге қол қоймаған дұрыс.

3. Ай сайын сіздің карточкаңыздан шешіп, алынып жатқан ақша құны бірінші кезекте төлем мерзімінің кешіктіруіне қойылған айыппұлды, банктік несие беру шартымен бекітілген ақшаны аудару бойынша банк комиссиаларын өтеуге жатқызылады.  

4. Мұндай жағадайда адвокаттың көмегіне жүгініп кеңес алған дұрыс өйткені әр-бір жағдайдың түбегейлі толығырақ зерттеуді, құқықтық талдауды талап ететін өз ерекшеліктері болуы мүмкін.

5. Банктік ұйымға есеп шотқа қойылған бұғаттауды алып тастауды жазбаша талап етіп, жүгіну қажет. 

6. Бұзылған құқығыңызды қоғап, қалпына келтіру мақсатында сотқа талап арыз беру қажет.

Банк қызметтерінің ішіндегі ең көп кездесетін, кеңінен тараған құқықбұзушылықтың түрі ретінде азаматтардың өз жалақысына қол жеткізу құқығына шектеу қою тәсілдерін қолдану әрекеті болып табылады.

ҚР АК-нің 740-шы бабы, 1-ші тармағына сәйкес, азаматтардың және заңды тұлғалардың банктік шоттардағы ақшаcына тек қана сот актілері негізінде соттар және сот орындаушыларының прокурор санкциялаған қаулылары негізінде сот орындаушылары Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік және азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша тыйым салуы мүмкін. 

ҚР АК-нің 741-ші бабы, бірінші бөлігіне сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы ақшасын олардың келiсiмiнсiз алып қою заңды күшiне енген сот актiсi негiзiнде ғана, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі), Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн.

ҚР Еңбек кодексінің 115 бабы, 1,2 және 3 тармақтарына сәйкес:

1. Жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулар сот шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Кодексте көзделген жағдайларда жүргізіледі.

2. Жұмыскердің өзі жұмыс істейтін ұйым алдындағы берешегін өтеу үшін оның жалақысынан ұстап қалу жұмыскерді жазбаша хабардар ете отырып:

1) іссапарға байланысты, сондай-ақ іссапарға байланыс­ты шығыстарды растайтын құжаттарды бермеген жағдайда жұмсалмаған және уақтылы қайтарылмаған ақшалай сомаларды өтеу үшін;

2) оқыту шарты болған кезде жұмыскерді оқытуға байланысты шығындарды жұмыс берушіге еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде жұмыс істелмеген мерзімге пропорционалды түрде өтеуді көздейтін жағдайларда;

3) жалақы есебінен жұмыскерге берілген жұмыс істелмеген авансты өтеу үшін;

4) осы Кодекстің 95-бабының 3-тармағын қоспағанда, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын ауыстыру немесе жұмыскерді одан кері шақыртып алу жағдайларында;

5) жұмыскердің жазбаша келісуі болған кезде өзге де жағ­дайларда жұмыс беруші актісінің негізінде жүргізілуі мүмкін.

3. Бірнеше атқарушылық парақтары бойынша жалақыдан ұстап қалу кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және Кодекстің осы бабында көзделген жағдайларда, ай сайынғы ұстап қалудың мөлшері жұмыскерге тиесілі жалақының елу пайызынан аспауға тиіс.

Осылайша сіздер адвокаттың көмегімен өз құқықтарыңызды қорғап қалуға мүмкіншіліктеріңіздің бар екендігін естеріңізге саламын. Адвокаттың көмегімен мына әрекеттерді жасай аласыздар:

карточкалық шоттарыңыдағы бұғаттауды алып тастап, ақшаларыңызды өз ықтиярларыңызбен пайдалану;

төлем мерзімін кешіктіру бойынша қойылған айып көлемінің тым көп мөлшерде есептелген жағдайда азайту; 

сіздің жалақыңыздан ұсталатын ақша көлемінің мөлшерін, жалақы көлемінің 50%-на дейінгі мөлшерге азайту;

сіздің шотыңыздан заңсыз ұсталған ақша құралдарын және сот шығыстарын өтеп алу.

Advokat
0