Өкілетті органдардың тiнту мен алуды жүргiзуіне байланысты жеке және заңды тұлғаларды құқықтық қорғау және оларға адвокаттық көмек көрсету

Тiнту мен алуды жүргiзу тәртiбi

   

Тiнту мен алуды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам уәждi қаулы бойынша жүргізеді.

Тiнту жүргiзу туралы, сондай-ақ мемлекеттiк құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын құжаттарды алу туралы қаулыны тергеу судьясы санкциялауға тиiс.

Тiнту мен алуды жүргізу туралы қаулыны санкциялау ҚР ҚПК-ның 220-бабының 13-1, 13-3 және 13-4-бөлiктерiнде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Тұрғын үй-жайда онда тұрып жатқан адамдардың еркiнен тыс алу ҚР ҚПК-ның  220-бабының он үшінші, 13-1, 13-3 және 13-4-бөлiктерiнiң қағидалары бойынша жүргiзiледi.

Айрықша жағдайларда, iздестiрiлiп жатқан және (немесе) алып қойылуға жататын объект оны табуды ұзаққа созудан жоғалуы, бүлiнуi немесе қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкiн болғанда не iздестiрiлiп жатқан адам жасырынуы мүмкiн болғанда тiнту және алу тергеу судьясының санкциясынсыз, ҚР ҚПК-ның  220-бабының он төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүргізілуі мүмкiн.

Тiнту куәгерлердiң қатысуымен, ал қажет болған жағдайларда маманның және аудармашының қатысуымен жүргiзiледi. Алу оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің ғылыми-техникалық құралдары міндетті түрде қолданыла отырып жүргізіледі, қажет болған кезде оған маман және аудармашы тартылуы мүмкін.

Тұрғын үй-жайларда, ұйымдардың үй-жайларында тiнту немесе алу ҚР ҚПК-ның  220-бабының он бесінші және он алтыншы бөлiктерiнде көрсетілген адамдардың қатысуымен жүргiзiледi.

Дипломатиялық өкiлдiктер орналасқан үй-жайларда, сондай-ақ дипломатиялық өкiлдiктердiң мүшелерi мен олардың отбасылары тұрып жатқан үй-жайларда тiнту және алу ҚР ҚПК-ның 220-бабының он жетінші бөлiгiнде белгiленген талаптар сақтала отырып жүргiзiледi.

Тiнтуді немесе алуды жүргiзу басталғанға дейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам оларды жүргiзу туралы қаулыны көрсетуге мiндеттi.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тiнтуге кiрiскенде iс үшiн маңызды болуы мүмкiн, алынуға жататын нәрселер мен құжаттарды ерiктi түрде берудi ұсынады. Егер олар ерiктi түрде берiлсе және алынуға жататын нәрселер мен құжаттардың жасырылып қалғанына күмәндануға негiздер болмаса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам одан әрi iздеу жүргiзбеуге құқылы.

Тінту хаттамасында адамның табу үшін тінту жүргізілуі мүмкін нәрселер мен құжаттарды өз еркімен бергені туралы міндетті түрде көрсетіледі.

Егер жабық үй-жайлар мен қоймалардың иесi оларды ерiктi түрде ашудан бас тартса, тiнту жүргiзген кезде олар ашқызылуы мүмкiн.

Бұл ретте есiк тиектерін және басқа нәрселерді қажетсiз бұзуға жол берiлмеуге тиiс.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам алуды жүргізу кезiнде алынуға жататын нәрселер мен құжаттарды берудi ұсынады, ал бұдан бас тартылған жағдайда алуды мәжбүрлi түрде жүргiзедi.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тiнту мен алу кезiнде сол үй-жайда тұрып жатқан адамның немесе басқа да адамдардың жеке өмiрiнiң анықталған мән-жайларының жарияланбауына шаралар қолдануға мiндеттi.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тiнту немесе алу жүргiзiлiп жатқан үй-жайда немесе орында болған адамдарға және осы үй-жайға немесе орынға келген адамдарға тiнту немесе алу аяқталғанға дейiн ол жерден кетуге, сондай-ақ бiр-бiрiмен немесе өзге адамдармен сөйлесуге тыйым салуға құқылы.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тiнту мен алуды жүргiзу кезінде iске қатысы болуы мүмкiн нәрселер мен құжаттарды алып қоюмен шектелуге тиiс. Айналымына тыйым салынған заттар мен құжаттар олардың iске қатысы бар-жоғына қарамастан алып қойылуға жатады.

Тінту кезінде алып қойылатын нәрселер мен құжаттар куәгерлерге және басқа да қатысып отырған адамдарға көрсетiледi, тінту орнында қапталады, мөрленеді және куәгерлер мен оған қатысып отырған адамдардың қойған қолдарымен куәландырылады.

Алу кезінде алып қойылатын нәрселер мен құжаттар қатысып отырған адамдарға көрсетiледi, алу орнында қапталып, мөрленеді және оған қатысып отырған басқа адамдардың қойған қолдарымен куәландырылады.

Қажет болған жағдайларда тiнту жүргiзілген кезде фотосуретке түсіру, кинотүсiру және бейнежазба жүргiзiледi.

Жеке басын тiнту

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам ҚР ҚПК-ның  252-бабында көзделген негiздер болған кезде және 254-бабының талаптарын сақтай отырып, тiнтiлетiн адамның денесiндегі немесе денесінің ішіндегі, оның киiмiндегі нәрселер мен құжаттарды және оның жанындағы нәрселерді табу және алып қою мақсатында жеке басына тiнту жүргізуге құқылы.

Жеке басын тiнтудi тiнтілетін адаммен жынысы бiр адам ғана және сондай жыныстағы куәгерлер мен мамандардың қатысуымен жүргiзедi.

Жеке басты тінту, мына жағдайлардың біреуі болған кезде:

1) егер ҚР ҚПК-ның 254-бабының талаптары сақтала отырып тінту жүргізіліп жатқан үй-жайдағы немесе өзге орындағы адам іс үшін маңызы болуы мүмкін құжаттарды немесе нәрселерді өзінде жасырып отыр деп пайымдауға жеткілікті негіздер болса;

2) егер ол адам ұстап алынған немесе күзетпен қамалған кезде жүргізілген болса, арнайы қаулы шығарылмай және тергеу судьясының санкциясынсыз жүргізілуі мүмкін.

Бұл жағдайда жеке басын тінту куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін. Тінтілетін адамның денесінің ішіндегі нәрселерді табу қажет болған кезде жеке басын тінтуге тиісті бейіннің мамандары қатысады.

Егер сіздерге өкілетті органдардың лауазымды тұлғалары тінту және алу әрекеттерін жүргізуіне байланысты адвокаттың құқықтық көмегі қажет болса, Нұр-Сұлтан қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз:

+7 (7172) 35-65-19; +7 775 380 96 52.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

2021-01-26 12:08:09