ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС МАТЕРИАЛДАРЫМЕН ТАНЫСУ

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қылмыстық іс бойынша осы Кодекстің 113-бабының талаптарына сәйкес дәлелденуге жататын барлық мән-жайлардың анықталғанын мойындап, күдіктіні, егер оның қорғаушысы, заңды өкілі іске қатысып отырған болса, оларды, сондай-ақ жәбірленушіні, оның өкілін, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді, олардың өкілдерін іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

Осы баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында көрсетілген адамдарды хабардар етумен бір мезгілде оларға қылмыстық іс материалдарымен танысу, қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу не басқа процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттарды мәлімдеу құқығы түсіндіріледі. Хабарламада, сондай-ақ, танысу орны және олар қылмыстық іс материалдарымен таныса алатын мерзім қамтылады.

Егер қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізуді аяқтау кезінде не күдіктінің және оның қорғаушысының іс материалдарымен танысу кезеңінде күзетпен ұстау мерзімдері бітсе, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктіні күзетпен ұстау мерзімін санкциялау туралы өтінішхатты соттың алдында қозғау туралы қаулы шығарады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 307-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша кәмелетке толмаған күдіктінің немесе кәмелетке толмаған жәбірленушінің мүдделерін білдіретін тарапқа кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жататын істі аудандық және оған теңестірілген сотта қарату құқығын түсіндіруге міндетті.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам процеске қатысушының қылмыстық іс материалдарымен танысқаны туралы хаттама жасайды. Күдіктінің немесе оның қорғаушысының өтінуі бойынша қылмыстық іс материалдармен танысу бір уақытта жүргізілуі мүмкін, ол туралы біртұтас хаттама жасалады.

Күдікті қылмыстық іс материалдарымен танысудан бас тартқан жағдайда, ол туралы хаттамада белгі жасалады.

Егер күдіктінің қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің өкілдері белгіленген уақытта танысуға дәлелді себептер бойынша келе алмаса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам танысуды бес тәуліктен аспайтын мерзімге кейінге қалдырады.

Осы мерзім ішінде күдіктінің қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі келмеген жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам басқа қорғаушының немесе өкілдің келуі үшін шара қолданады.

Жәбірленушінің немесе оның өкілінің ауызша немесе жазбаша өтінішхаты болған жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы адамдарды іс материалдарымен немесе олардың танысқысы келген бір бөлігімен таныстырады. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері, егер олар өтінішхатты мәлімдеген болса, іс материалдарының азаматтық талап қоюға қатысты бөлігімен танысады.

Таныстыру осы Кодекстің 296-бабында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 295-бабының талаптарын орындай отырып, күдіктіге және оның қорғаушысына айыптаулар тізімін қоспағанда, тігіліп, нөмірленіп, іс парақтарының тізімдемесіне енгізіліп, байланып және тергеу органының мөрімен куәландырылып қойылуға тиіс қылмыстық істің барлық материалдарын ұсынады. Күдіктінің немесе оның қорғаушысының өтінуі бойынша танысу үшін заттай дәлелдемелер де ұсынылады және егер тергеу әрекеттерінің хаттамаларына қоса берілген болса, фонограммалар, бейнежазбалар, кинофильмдер, слайдтар, өзге де ақпарат жеткізгіштер тыңдатып-көрсетіледі. Күдіктінің немесе оның қорғаушысының өтінуі бойынша олар істің материалдарымен бірге немесе бөлек таныса алады.

Күдікті және қорғаушы іс материалдарымен танысу процесінде, егер ол бірнеше томнан тұратын болса, олардың кез келгеніне қайта оралуға, сондай-ақ кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, құжаттардың көшірмелерін түсіріп алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіріп алуға құқылы. Істің мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтері бар құжаттарынан үзінділер мен көшірмелер іспен бірге сақталады және күдіктіге не оның қорғаушысына сот отырысы уақытында беріледі.

Күдікті мен қорғаушыға істің барлық материалдарымен танысу үшін қажетті уақыт шектелмейді. Егер күдікті мен қорғаушы істің материалдарымен танысу уақытын көрінеу созбаласа, онда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам белгілі бір мерзімді белгілей отырып, прокурор бекіткен іс материалдарымен танысу графигін жасауға құқылы.

Күдікті мен қорғаушы іс материалдарымен танысып болғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам олардың өтінішхат мәлімдейтінін және нақты не туралы екенін, қандай өзге де мәлімдемелер жасағысы келетінін анықтауға міндетті.

Бұл ретте күдікті мен оның қорғаушысы қылмыстық іске міндетті түрде қоса тігілетін қосымша дәлелдемелер мен өзге ақпарат береді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 297-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген тәртіппен қосымша тергеу әрекеттерін жүргізуге құқылы.

Тараптардың сол кезде қолда бар дәлелдемелер мен өзге материалдарды толық көлемде ұсынбауы оларды дәлелдемелер ретінде жіберуге болмайды деп тануға алып келеді.

Бұл ретте қорғау тарапы, өзінің пікірі бойынша, күдіктіні қорғау мүдделерін қамтамасыз ету үшін ерекше маңызы бар дәлелдемені, уәждемесіне қарамастан, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына бермеуге құқылы.

Күдікті мен оның қорғаушысынан олардың жауап алынған куәлардың, сондай-ақ іске қатысатын сарапшылардың, мамандардың және куәгерлердің арасынан нақты қайсысын сот отырысына жауап алу және қорғану ұстанымын растау үшін шақыртқысы келетіні анықталуға тиіс.

Егер сіздерге қылмыстық іс материялдарымен танысып, қылмыстық іс бойынша, өкілетті мемлекеттік органдарда істеріңізді жүргізуге байланысты білікті маманның құқықтық көмегі қажет болса, Нұр-Сұлтан қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз:

+7 (7172) 35-65-19; +7 775 380 96 52.

     

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

2021-01-27 13:14:11