ТЕРГЕУ СУДЬЯСЫНЫҢ СОТ ҚАУЛЫСЫНА ШАҒЫМДАНУ

Тергеу судьясы адамды ұстап алған кезден бастап дереу, бірақ жетпіс екі сағаттан кешіктірмей өтінішхатты қарайды және уақытша күзетпен ұстау туралы не уақытша күзетпен ұстаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

Тергеу судьясы уақытша күзетпен ұстаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған жағдайда, сонымен бір мезгілде қаулыны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және облыстық немесе оған теңестірілген сотта істі қарау кезеңінде іздестіріліп жатқан адамды күзетпен ұстау туралы шешім қабылдайды.

Тергеу судьясының осы қаулысына шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және оның заңдылығы мен негізділігін тексеру ҚР ҚПК-ның 107-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Адамды уақытша күзетпен қамау туралы прокурор ұстап беру (экстрадициялау) уақыты мен орны туралы ұсыныспен бірге ұстап беру (экстрадициялау) туралы өтінуді, экстрадициялық қамаққа алу туралы өтінішхатты жіберген немесе жіберуі мүмкін шет мемлекеттің мекемесіне дереу хабарлайды.

Күзетпен ұстау орнының әкімшілігі мұндай адамды күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан он тәулік бұрын бұл туралы прокурорға хабарлауға міндетті.

Уақытша күзетпен ұстау қолданылған адамды босатуды прокурор, егер:

сұрау салушы тараптан қырық тәулік ішінде ұстап беру (экстрадициялау) туралы талап келіп түспесе;

қырық тәулік ішінде экстрадициялық қамаққа алу қолданылмаса;

ұстап беру (экстрадициялау) мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлар белгілі болса, жүзеге асырады.

Адамды босату, егер адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу кеш түссе, сотқа оны осы Кодексте көзделген тәртіппен күзетпен қамауға алу және ұстап беру (экстрадициялау) туралы қайталама өтінішхатпен жүгінуге кедергі келтірмейді.

Уақытша күзетпен ұстау мерзімі аяқталғанға дейін адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу келіп түскен жағдайда, тергеу судьясының уақытша күзетпен ұстау туралы қаулысы осы адамға қатысты экстрадициялық қамаққа алуды қолдану туралы қаулыны тергеу судьясы шығарған кезден бастап заңдық күшін жоғалтады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті, оның қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі тергеу судьясының мынадай:

1) күдіктіні күзетпен ұстау, экстрадициялық қамақ, үйқамақ, кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау немесе күзетпен ұстау, үйқамақ мерзімін ұзарту туралы;

2) күдіктіні күзетпен ұстауға, экстрадициялық қамаққа, үйқамаққа, кепілге санкция беруден бас тарту немесе күзетпен ұстау, үйқамақ мерзімін ұзартудан бас тарту туралы;

3) санкцияланған бұлтартпау шарасының күшін жою немесе күшін жоюдан бас тарту туралы;

4) мүлікке тыйым салу не тыйым салудан бас тарту туралы;

5) эксгумациялау не одан бас тарту туралы;

6) халықаралық іздестіру жариялау не одан бас тарту туралы;

7) сот-медициналық және (немесе) сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін адамды медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру не одан бас тарту туралы;

8) кепіл нысанасын мемлекет кірісіне айналдыру немесе одан бас тарту туралы;

9) прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды қарау жөніндегі;

10) қарап-тексеруді, тінтуді, алуды, жеке тінтуді, мәжбүрлеп куәландыруды, үлгілерді мәжбүрлеп алуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулысына шағым жасауға, ал прокурор өтінішхат келтіруге құқылы.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында прокурор тергеу судьясының жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау не санкциялаудан бас тарту, жасырын тергеу әрекеттерінің мерзімдерін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы, адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар ету мерзімдерін ұзартудан бас тарту туралы, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар етпеуіне келісім беруден бас тарту туралы қаулысына өтінішхат келтіруге құқылы.

Тергеу судьясының осы баптың қағидаларына сәйкес шығарған қаулысына жария етілген кезінен бастап үш тәулік ішінде тергеу судьясы қаулы шығарған сот арқылы облыстық және оған теңестірілген сотқа осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғалар шағым жасауы, сондай-ақ оған прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін. Дәлелді себеппен өткізіліп алынған мерзім мүдделі тұлғаның өтінішхаты бойынша ҚР ҚПК-ның 50-бабына сәйкес қалпына келтірілуі мүмкін.

Шағым беру немесе прокурордың өтінішхатын келтіру ҚР ҚПК-ның 55-бабы бірінші бөлігінің 8) және 10) тармақтарында және осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 7) және 10) тармақтарында көрсетілген мәселелер бойынша қаулыда көрсетілген шешімдердің орындалуын тоқтата тұрмайды.

Шағым жасауға, прокурордың өтінішхатын келтіруге арналған мерзім өткеннен кейін материалдар шағыммен, прокурордың өтінішхатымен бірге облыстық немесе оған теңестірілген сотқа жіберіліп, бұл жөнінде арыз иесіне және әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасалған тұлғаға және прокурорға хабарланады. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша қабылдаған шешімі түпкілікті болып табылады.

Облыстық немесе оған теңестірілген соттың судьясы осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қағидалар мен мерзімдерді сақтай отырып, шағым, прокурордың өтінішхаты сотқа келіп түскен кезден бастап үш тәуліктен кешіктірмей тергеу судьясы қаулысының заңдылығын және негізділігін тексеруді жүзеге асырады.

Облыстық немесе оған теңестірілген сот судьясының шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша шығарған қаулысы жария етілген кезінен бастап заңды күшіне енеді.

Жабық сот отырысына прокурор және күдіктінің қорғаушысы қатысады. Сондай-ақ отырысқа күдікті, оның заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі және шағым жасалған шешімде құқықтары мен мүдделері қозғалатын басқа да адамдар қатыса алады, шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау уақыты туралы уақтылы хабарланған кезде олардың келмей қалуы бұлардың сотта қаралуына кедергі болмайды.

аталған баптың бірінші бөлігінің 10) тармағында көзделген жағдайда, жабық сот отырысына қатысатын адамдар тізбесін шағымды, өтінішхатты қарайтын судья айқындайды.

аталған баптың 1-1-бөлігінде көзделген мәселелерді қарау ҚР ҚПК-ның 234-бабына сәйкес жүргізіледі.

Сот тараптардың дәлелдерін тыңдап, ұсынылған материалдарды қарап:

1) тергеу судьясының қаулысын өзгеріссіз қалдыру туралы;

2) тергеу судьясының қаулысын өзгерту туралы;

3) тергеу судьясы қаулысының күшін жою және жаңа қаулы шығару туралы уәжді қаулылардың бірін шығарады.

Сот қаулысының көшірмесі сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына, сондай-ақ прокурорға, күдіктіге, қорғаушыға және адамды күзетпен ұстау орыны әкімшілігінің өкіліне жіберіледі және дереу орындалуға жатады.

Осы баптың бірінші бөлігінің 10) тармағында және 1-1-бөлігінде көзделген жағдайларда, сот қаулысы прокурорға табыс етіледі (жіберіледі).

Шет мемлекеттің аумағында қылмыс жасады деп айыпталған немесе сотталған адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімге шағым жасау және оның заңдылығы мен негізділігін соттың тексеруі ҚР ҚПК-ның 92-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Бірінші сатыдағы соттардың үкіміне, қаулыларына шағымдар, прокурордың өтінішхаттары ҚР ҚПК-ның 48 тарауының қағидаларына сәйкес беріледі. Заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау туралы шағымдар, наразылықтар, өтінішхаттар ҚР ҚПК-ның 52-тарауында белгіленген қағидаларға сәйкес беріледі.

Егер сіздерге тергеу судьясының қаулысына шағымдануға байланысты білікті маманның құқықтық көмегі қажет болса, Нұр-Сұлтан қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз:

+7 (7172) 35-65-19; +7 775 380 96 52.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

2021-01-15 23:35:32