Жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін сотта қорғау

Нұр-Сұлтан қаласы адвокатының азаматтық істер бойынша сот процесстерінде заңды және жеке тұлғалардың мүдделерін қорғап өкілдік ету  қызметтері 

Азаматтық істер бойынша жүргізілетін сот процесстері — бұл азаматтық істерді қойылған талаптарының мән-жайы бойынша соттық талқылау, қарастыру және ҚР азаматтық процессуалдық заңнамасында бекітілген тәртіппен сот отырыстарында шешу.

Қазақстан Республикасының азаматтық процессуалдық кодексінде сот процесстеріне  азаматтардың, заңды тұлғалардың өкілдері немесе тікелей өздерінің қатысуымен іс жүргізу қарастырылған.

Өкілдердің соттағы құзіреттілігі заң талаптарына сәйкес берілген және рәсімделген сенімхатта көрсетілуі тиіс. 

Азаматтар өз істерін сотта жеке өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іске өзінің қатысуы оны бұл іс бойынша өкілінің болу құқығынан айырмайды. Заңды тұлғалардың істерін сотта өздеріне заңмен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін олардың басшылары және (немесе) олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғаның басшысы сотқа өзінің қызмет бабын немесе өкілеттігін куәландыратын құжаттарды ұсынады. Сенімхатқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген істі сотта жүргізуге тиісті түрде ресімделген өкілеттіктері бар әрекетке қабілетті адам осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес сотта өкіл бола алады (ҚР АПК-ның 57-ші және  58-ші баптары).

Мыналар:

1) осы Кодекстің 58-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда;

2) осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар кассациялық сатыдағы сотта осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген тұлғалардың өкілдері болып табылады.

Адвокат азаматтық процесске қатысушының мүддесіне өкілдік ету кезінде, азаматтық іс бойынша бас конструктордың ролін атқарып іс жүргізеді, құқықтық алаңда құрылған жоспары бойынша заң тепе-теңдігін сақтап қалуды қамтамасыз ететін мән-жайларды дұрыс анықтауға, қолданылатын іс материалдарының құқықтық салмақтылығы мен деңгейін анықтауға оның кәсіби жоғарғы біліктілігі, құқықтық білімділігі және азаматтық істерді жүргізу тәжірибесінің молдығы мүмкіншілік береді.

Процессуалдық істің жүргізілу барысын, сот отырыстарында және сөз жарыс кезінде өзінің білімін, шешендік шеберлігін қолданып сөз сөйлеп, орынды жауап беру арқылы қажетті бағытта қадағалап отыруға адвокаттың мүмкіншілігі әлде-қайда жоғары. 

Азаматтық сот процесстерінде істі дұрыс жүргізіп, қатысу үшін, келесі мәнжайлардың сақталуы міндетті:

азаматтық даудың нысаны мен негізінің және қандай құқықтардың бұзылғандығын анық және кәміл түсінікті түрде көрсетілуі;

тұлғаның Конституциялық, азаматтық және басқа да құқықтырының бұзылғандығын куәландыратын дәлелдердің жеткілікті болуы; 

өз уәждеріңізді куәландыратын дәлелдерді сотқа ұсыну;

сот алдында өз уәждеріңізді қорғап және қарсы тұлғаның уәждерін жоққа шығаратын дәлелдер келтіру.

азаматтық процесс осы аталған сатылардан міндетті түрде өтуді қарастыра отырып, сотқа қатысушыдан тек қана құқықтық білімділікті талап етумен шектелмей оның азаматтық істерді сотта жүргізуге тәжірибелілігі мен кәсіби біліктілігін талап етеді. 

 

Егер сіздерге азаматтық істер бойынша, сотта, басқа да өкілетті мемлекеттік органдарда істеріңізді жүргізуге байланысты білікті маманның құқықтық көмегі қажет болса, 

Нұр-Сұлтан қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз:+7 775 380 9652, +7(7172) 35 65 19

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

2021-01-21 11:55:35