мұрагерлік даулар мен құқықтық қарым-қатынастар бойынша құқықтық қызметтер

Нұр-Сұлтан қаласы адвокатының мұрагерлік даулар мен құқықтық қарым-қатынастар бойынша құқықтық қызметтері 

Мұрагерлік - бұл қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлiмнiң ережелерiнен өзгеше туындамаса, бiрыңғай тұтас нәрсе ретiнде және бiр-ақ мезгiлде ауысады.

Мұрагерлiк өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады.

Өсиет қалдырылмаған не бүкiл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген өзге де жағдайларда мұрагерлiк заң бойынша орын алады.

Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi. Мұраның құрамына мұра қалдырушының тірі кезінде ресімдел­меген мүліктік құқықтарын ресімдеу үшін қажетті құқықтар, оның ішінде оларды тіркеу құқығы да кіруі мүмкін.

Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен мiндеттер:

1) егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;

2) өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу құқығы;

3) алименттiк мiндеттемелерден туындайтын құқықтар мен мiндеттер;

4) зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақылар мен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңдарының негізінде басқа да төлемдер алу құқығы;

5) заңнамалық актілерде белгіленген жағдайларды қоспағанда, мүлiктiк құқықтармен байланысы жоқ жеке мүлiктiк емес құқықтар мұраның құрамына кiрмейдi.

Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игiлiктердi мұрагерлердiң жүзеге асыруы және қорғауы мүмкiн.

Ортақ бiрлескен меншiкке қатысушының қайтыс болуы оның меншiктегi үлесiн айқындау және ортақ мүлiктi бөлу не осы ҚР А Кодексінiң 218-бабында белгiленген тәртiппен одан қайтыс болған қатысушының үлесiн бөлiп шығару үшiн негiз болып табылады.

Бұл жағдайда мұра қайтыс болған қатысушының ортақ мүлiктегi үлесiне, ал мүлiктi заттай бөлу мүмкiн болмаған кезде - үлестiң құнына қатысты ашылады.

Ортақ бiрлескен меншiкке қатысушы ол қайтыс болғаннан кейiн ҚР А Кодексінiң 1041 бабы, 1-тармағына сәйкес айқындалатын ортақ мүлiктегi өз үлесiне өсиет қалдыруға құқылы.

Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.

Мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол белгiсiз болса - мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жерi мұраның ашылу орны болып табылады.

Мұра ашылған кезде тiрi жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тiрi кезiнде iште қалған және мұра ашылғаннан кейiн тiрi туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.

Мұра ашылғанға дейiн құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкiн.

Заңнама талаптарымен өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ адамдарды мұрадан шеттету жағдайлары қарастырылған.

Егер сіздерге мұрагерлік құқық бойынша, өкілетті мемлекеттік органдарда істеріңізді жүргізуге байланысты білікті маманның құқықтық көмегі қажет болса, Құр-Сұлтан қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз: +7 (7172) 35-65-19; +7 775 380 96 52.

Нұр-Сұлтан қаласының адвокаты мұрагерлік мәселелрге, құқықтық қарым-қатынастраға баланысты құқықтық қызметтер көрсетеді:

өсиет бойынша мұрагерлерлік;

заң бойынша мұрагерлерлік;

мұрагерлерлікті ашу;

туысқандық қатынастардың фактісін анықтау;

мұрагерлік трансмиссияны анықтау;

өсиетті жарамсыз деп тану;

мұрагерлікке құқық туралы куәлікті жарамсыз деп тану;

ұсыну құқығы бойынша мұрагерлiк;

мұрадан лайықсыз мұрагерлердi шеттету;

мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар фактісін анықтау;

мұра қалдырушының борыштық міндеттемелерін анықтау;

нотариустың әрекетіне шағым беру;

мұраны қабылдау фактісін анықтау;

мұраны қабылдау бойынша өткзіліп алынған мерзімін қайта қалпына келтiру;

өсиеттiң күшiн жою және оны өзгерту.

Мұрагерлік құқық бойынша сұрақтарыңыз болса Нұр-Сұлтан қаласының адвокатына мына телефондар арқылы хабарласыңыз:

+7 (7172) 35-65-19, +7 775 380 96 52.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

2021-01-21 12:02:30