Қарыздарды сот арқылы өндіру бойынша адвокаттық қызметтер

Нұр-Сұлтан қаласы адвокатының қарыздарды сот арқылы өндіру бойынша көрсететін құқықтық қызметтері 

Қарыздарды өндіру – бұл тараптардың қарыздарға байланысты құқықтық қарым қатынастары және қарыз берушінің өз мүлкін және шығындарының құнымен қоса қайтарып, алу мүмкіншіліктерін бағалауға деген ниеттілігі.

Жеке және заңды тұлғалар күнделікті өмірде және өздерінің іс-әрекеттерінде қарыздарды және оның салдарынан болған шығындарды өтеуге байланысты қажеттіліктермен жиі кездеседі.

Қарыздарды өндіру келесі құқықтық әрекеттердің орындалу сатыларын қарастырады:

сотқа дейінгі дауды реттеу тәртібі;

сот өндірісі;

атқарушылық іс жүргізу өндірісі.

сотқа дейнгі құқықтық қарым-қатынастарды реттеу келесі әрекеттерді қамтиды:

ресми келіссөздерді жүргізу;

наразылық білдіру іс-әрекеттері;

Қарсы жақты өз міндеттерін орындауға мәжбүрлеудің белсенді түрлері болып, табылатын әрекет ретінде, қосымша шығындарды болдырмау тәртібін, жеке және заңды тұлғалардың ағымдағы іс-әрекеттерінің жағдайына кедергі келтірмейтіндей, екі жаққа да тиімді қарым-қатынастарды сақтап, қалудың артықшылығын түсіндіріп, көзін жеткізу болып табылады. 

Бірақ, сотқа дейінгі дауды реттеудің барлық тәсілдері дұрыс нәтиже бермей, келіссөздер мен наразылық әрекеттері бұрынғы сенімге негізделген қарым-қатынастарды сақтап қалуға, көмектеспейтін жағдайлар да болады. 

Мұндай жағдайда қарыз беруші, амалсыздан мәселені сотқа жүгіну тәртібі бойынша шешу тәсіліне көшуге, мәжбүр болады.

Сот өндірісі келесі қарастыру сатыларын қамтиды:

істі соттың қарастыруына дайындау;

қойылған талап бойынша істі соттың бірінші сатысында қарастыру;

заңды күшіне енбеген бірінші сатысыдағы сот шешіміне апелляциялық тәртіп бойынша шағым берілуі және апелляциялық сатыда қабылданған сот актісінің, оны жариялаған күннен бастап күшіне енуі;

Ерікті түрде, немесе мәжбүрлі түрде орындалатын, сот актісін орындау бойынша, атқарушылық іс өндрісі.

Жоғарыда атап көрсетілген, қарыздарды өндіру сатылары әр түрлі мемлекеттік ұйымдармен жұмыс істеуді және сот актісін орындау бойынша атқарушылық іс өндірісін тұрақты және тиянақты түрде қадағалап, отыруды талап ететіні бәріне белгілі. 

қарыздарды өндіріп, алу мәселелеріне байланысты азаматтық іс жүргізу бойынша, құқықтық дайындықсыз, тәжірибесіз және кәсіптілігі жоқ өндірушіге, істі соңына дейінгі мәреге жеңіспен жеткізу, қыйнға түсетіні анық.

Егер сіздерге қарызды өндіру істері бойынша сотта, басқа да өкілетті мемлекеттік органдарда, істеріңізді жүргізуге байланысты білікті маманның құқықтық көмегі қажет болса, Нұр-Сұлтан қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз:

+7 775 380 9652, +7(7172) 35 65 19

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

2021-01-21 12:00:02