СОТПЕН ӘКІМШІЛІК ҚАМАҚҚА АЛУ ТАҒАЙЫНДАЛУЫ КЕЗІНДЕ АЗАМАТТАРҒА АДВОКАТТЫҢ ҰСЫНАТЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ

ҚР ӘҚБтК-нің 50-бабына сәйкес әкімшілік қамаққа алуды судья айрықша жағдайларда ӘҚБтК-нің Ерекше бөлігінде көзделген шектерде тағайындайды.

Жасағаны үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза көзделетін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараған кезде судьялардың әкімшілік қамаққа алуды қолдануды болдырмайтын ҚР ӘҚБтК-нің 32 және 50-баптарының екінші бөліктерінде көзделген мән-жайлардың болғанын немесе болмағанын мұқият анықтаулары қажет.

Бiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн бiр негiзгi не негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкiн (ҚР ӘҚБтК-нің 55-бабының алтыншы бөлігі). Егер ҚР ӘҚБтК-нің Ерекше бөлiгі бабының санкциясымен қосымша жаза (мысалы, шығарып жіберу немесе көлік құралдарын басқару құқығынан айыру) таға отырып қамаққа алу көзделсе, онда соттардың ҚР ӘҚБтК-нің 50-бабына сілтеме жасай отырып, әкімшілік қамақ қолданылуы мүмкін емес адамдарды қамаққа алу түріндегі жазадан босатқаны және ӘҚБтК-нің Ерекше бөлiгі бабының санкциясымен көзделген екінші жазаны, егер ҚР ӘҚБтК-нің 42-бабының екінші бөлігімен негізгі әкімшілік жаза ретінде көрсетілген жазаны қолдануға жол берілсе, тағайындағаны жөн.

Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулыны орындау

Судьяның қамаққа алу туралы қаулысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен iшкi iстер органдары және әскери полиция органдары орындайды.

Әкiмшiлiк қамаққа алынған тұлғалар iшкi iстер органдары айқындайтын орындарда күзетпен ұсталады.

Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулыны орындау кезiнде қамаққа алынғандардың жеке басы жете тексеріледі.

Әскери қызметшiлер әкiмшiлiк қамаққа алуды гауптвахталарда өтейдi.

Әкiмшiлiк қамаққа алу жазасын өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген қағидалар бойынша жүргізіледі.

Әкiмшiлiк қамаққа алу жазасын өтеуден жалтару салдары

Егер әкiмшiлiк қамаққа алынған тұлға әкiмшiлiк қамаққа алу мерзiмi өткенге дейiн оны өтейтiн орынды өз бетiмен тастап кетсе, өтеген мерзімі судьяның қаулысымен әкімшілік қамаққа алу мерзiмiне толық немесе iшiнара есептелмеуi мүмкiн.

Бұл ретте судья әкiмшiлiк қамаққа алуды өтеу мерзiмiнiң басталуын жаңадан белгiлейдi.

Егер сіздерге әкімшілік қамаққа алу ісін қарастыру кезінде адвокаттың құқықтық көмегі қажет болса, Нұр-Сұлтан қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз:

+7 (7172) 35-65-19; +7 775 380 96 52.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

2021-01-15 23:49:35