МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ БАСҚА ДА ІС-ӘРЕКЕТ АТҚАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЗМЕТТЕРІН ДҰРЫС КӨРСЕТПЕУІНЕ ШАҒЫМДАНУ БОЙЫНША АДВОКАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Медициналық көмек көрсету тәртiбiн, стандарттарын сақтамау және оны сапасыз көрсету

Медицина қызметкерiнiң медициналық көмек көрсету тәртiбiн, стандарттарын сақтамау, кәсiптiк мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, егер бұл денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқса, – жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осы, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған осындай іс-әрекеттер – жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру қағидаларын бұзуы

Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру қағидаларын бұзуы – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет – жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Медицина қызметкерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, дәрiлiк заттарды өткiзу қағидаларын және рецептер жазып беру жөніндегі талаптарды бұзуы

Медицина қызметкерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, дәрiлiк заттарды өткiзу қағидаларын және рецептер жазып беру жөніндегі талаптарды бұзуы – жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекеттер – жеке тұлғаларға – маман сертификатынан айыра отырып не онсыз, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.Егер сіздерге отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге шағымдану бойынша адвокаттың құқықтық көмегі қажет болса, Нұр-Сұлтан қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз: +7 (7172) 35-65-19; +7 775 380 96 52.