АСТАНА+7 (775) 380-96-52

Қайырлы күн! Мен ЖШС-ке бас есепші болып 15.02.2021 жылы жұмысқа кірген едім. Алайда бухгалтерлік есеп-қисаптардың…

Азаматтық істер · Еңбек қатынастары

Advokat

Өтініш күні

Қайырлы күн!

Мен ЖШС-ке бас есепші болып 15.02.2021 жылы жұмысқа кірген едім. Алайда бухгалтерлік есеп-қисаптардың дұрыс жүргізілмегеніне байланысты мен өз еркіммен жұмыстан 15.03.2021 жылы кететінімді ескерткен болатынмын. Алайда сол аралықта істеген жалақымды түрлі сылтаулар айтып әлі күнге дейін төлемей келе жатыр. Еңбе инцпекциясына арыз жазған болатынмын, алайда кіші бизнеске мараторинг тексере алмаймыз деп жауап берді. Сотқа қалай арыздансам болады? баптарын қалай келтірсем болады?

______________________________________________________________________

Саламатсыз ба! Бұл сайт беті Заңдарды қалай оқу қажеттігі туралы, немесе талап арызды қалай жазу қажеттілігі туралы сабақ жүргізуге арналмаған. Заң нормаларына қатысты, өздеріңіздің құқықтарыңыздың бұзылуына байланысты нақты сұрақтарды қойғандарыңыз жөн. Талап арызды жауапкер ЖШС-тің орналасқан жері бойынша, сот кабинеті арқылы немесе почта арқылы бересіз. Осы сайт бетінде талап арыз үлгілері бар, жүктеп алып, үлгіге ұқсас етіп жазсаңыз болады. талап арызды жаза алмаймын деп күдіктенсеңіз адвокаттың көмегіне жүгініңіз. Адвокат өзі жазып, сотқа тапсырады.

Барлық сұрақтар мен жауаптар

ЖАҒДАЙЫҢЫЗДЫ ТАЛҚЫЛАЙЫҚ

Алғашқы қадам — мәселені түсіну.

Кеңес беру уақытын келісу үшін маған хабарласыңыз.

+7 (775) 380-96-52

Қоңырау шалу