Саламатсызба gulbanu ! ҚР азаматтық кодексiнің 511-бабы, 1-тармағына сәйкес егер, шарт жасалғаннан кейiн сый беруш…
Азаматтық істер · Отбасы және балалар · Некені бұзу
Advokat
Өтініш күні
Саламатсызба gulbanu ! ҚР азаматтық кодексiнің 511-бабы, 1-тармағына сәйкес егер, шарт жасалғаннан кейiн сый берушiнiң мүлiктiк немесе отбасылық жағдайы, не денсаулығы шартты жаңа жағдайларда орындау оның тұрмыс деңгейiнiң едәуiр нашарлауына әкеп соқтыратындай болып өзгерсе, сыйға тартушы келешекте сый алушыға зат немесе құқық беру уәдесiн немесе сый алушыны мүлiктiк мiндеттен босату уәдесiн қамтитын шартты орындаудан бас тартуға құқылы деп көрсетілген.
Бұл тармақтың мағынасы бойынша қандай жағдайда сый берушi өз уәдесінен бас тартып, шартты орындамауға құқылы екені көрсетілген. Яғни сіздің сұрағыңыз бойынша қарапайым тілмен айтқан кезде егер, сыйға тартқан әкесінің жағдайы тым нашарлап, жылжымайтын мүлікті сый бере алмайтындай халге түскен жағдайда шартты орындамауына құқығы бар. Қыз кәмелеттік жасқа толмағандықтан ата аналарының ортақ келісімі негізінде іс жүзіне асырылады.
Мұндай жағдайларға байланысты тараптар арасында туындаған дау болса, онда мұндай даулар сот арқылы шешіледі.
Некені бұзу кезінде әкесінің жағдайы жақсы болып тұрса, яғни табысы өмір сүруіне жеткілікті болып, тұратын баспанасы болып тұрған жағдайда, тек қана неке бұзылуы себебінен шартты бұзуға құқығы жоқ.